Иран президентінің анасы дүниеден өтті

Иран президентінің анасы дүниеден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иран президенті Хасан Роуханидің анасы Сакинэ Пейванди 90 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Press TV телекомпаниясы хабарлады.

Иран елінің басшысының анасы ұзақ уақыт бойы ауырғаннан кейін қайтыс болған. Қайғылы хабарға байланысты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри және осы елдің энергетика министрі Эрнест Монис Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Лозаннада өтіп жатқан келіссөздер кезінде Хасан Роуханидің туған ағасы әрі кеңесшісі, келіссөздердегі ирандық делегация мүшесі Хосейн Ферейдунге көңіл айтты. Ол анасының қазасына байланысты Швецариядан Иранға шұғыл оралды.

Сакинэ Пейванди өз қыздарымен Семнан провинциясында тұрып жатқан еді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: