Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мешітте ерсі мінез танытқан жергілікті азаматқа 99 мың 100 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды nur.kz сайты.
2015 жылдың 2 қаңтарында Атырау қаласының тұрғыны орталық мешітте дауыс көтеріп, мешіт қызметкерлеріне дөрекілік танытып, ішкі тәртіпке бағынбаған, намазға келген жамағаттың мінәжат жасауына кедергі келтірген, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 2-тармағы, яғни "заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру" бойынша айыпты деп танылды.
hibatulla.kz