#Рысқұлов: «Әдеп – тәрбие негізі» тақырыбында кездесу өтті

#Рысқұлов: «Әдеп – тәрбие негізі» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев Құлан ауылында орналасқан «Аяла» бөбекжай бақшасында «Әдеп – тәрбие негізі» тақырыбында кездесу өткізді.

Ауданның бас имамы насихатын:  «Алла тағала әдепті құлдарын жақсы көреді. Ұятты құлдарын сүйеді. «Әр діннің бір мінезі болады, исламның мінезі - ұяттылықта» деген Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың әдеп-тілігінде мін болмаған. Ол өте көркем мінезді жан болған. «Мені Жаратушы ием өзі тәрбиеледі. Ең тамаша тәрбиемен» дейтін. Ар-ұяттылықтың үлгі-өнегесін паш етті.

Бөгде әйелдің жүзіне тіктеп қарамайтын. Ешкімге қатты сөз айтпайтын. Сахабалардың айтуынша, ол әлі ұзатыла қой-маған жас қыздан бетер ұятты еді. Серіктерін де әдептілікке тәрбиелеп, «Ұят - иманнан келеді», «Ұят тек абыройға бөлейді», «Үлкендеріне құрмет, кішілеріне ізет көрсетпеген - бізден емес», «Ата-анасын сыйлап, жүзіне мейірлене қараған кісіге, Алла тағала да мейіріммен қарайды» деп нақыл сөздермен бастаған еді.

Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: