#Рысқұлов: Ауыл имамы дөңгелек үстелге қатысты

#Рысқұлов: Ауыл имамы дөңгелек үстелге қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық кітапханасында Астана күніне орай кітапхана  мен  мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Жайнай  бер, ару Астана" атты дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шара барысында  мәдени кешті ұйымдастырушы Астана қаласының тарихына байланысты  викториналық  сұрақтар қойып, оған тұшымды  жауаптар  айтылып, нақты  жауап берген қатысушыларға алғыс  хаттар ұсынылды.

Ауыл имамы Қайсар  Сұлтанов та белсенділік таныта отыра қатысып, бірнеше сұрақтарға дұрыс жауап беріп, алғыс хат иеленді. Іс-шара  соңында кітапханашы  "Жаңа ғасырға - жаңа Астанамызбен" деген тақырыптық сөреге шолу жасап, таныстырып өтті.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: