Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында бір топ адам Құранды өртеген әйелді өлтіріп, денесін өртеп жіберді.
Кабул полициясының басшысы Фарид Афзалидің AFP агенттігіне хабарлауынша, өртенген мәйіт қалдығы өзенге тасталған.
Азаттықтың Ауған қызметіне түскен бейнежазбада көпшілігі жас жігіттерден тұратын қалың тобыр әйелді ұрып-соғып, тепкілегені көрінеді.
Жерден тұра берген әйелді бірнеше адам таспен ұрады. Жиналғандар әйелді есінен танып қалса да тепкілеуін тоқтатпайды.
Топтағы кейбір адамның "Аллаху акбар" деп айқайлаған дауыстары естіледі.
Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі "қайғылы оқиғаға" байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
hibatulla.kz