Елбасы Тунис Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Тунис Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елбасы Тунис Республикасының Президенті Беджи Каид Ас-Себсиге «Бардо» ұлттық мұражайында болған террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Жеделхатта террорлық әрекет салдарынан Тунистің және шетелдің біраз азаматының қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазақстан барша әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке елеулі қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Біз дүниежүзілік қауымдастықтың осы қатерлерге қарсы күрестегі кү

ш-жігері мен қадамдарын толығымен қолдаймыз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Тунис Республикасы халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: