Намаз мейірімді Алланың тағаланың ризалығына жеткізеді. Перизат періштелердің сүйіспеншілігіне дәнекер болады. Намаз Алланың әмірі, пайғамбарлар сүннеті, мағрифат нұры, иманның негізі. Нұрлы намаз дұғалардың қабыл болуына себепші. Амалдар қабылданып, несібе-ризығына береке келтіреді. Намаз денені рахатқа бөлейді, дұшпандарға қарсы қару. Шайтанды қашырады және періште мен момын арасындағы шапағатшы, қабірде шырақ, көрде төсек.
Мүңкір мен Нәңкірдің сұрағына жауап, қияметке дейін жолдас, қияметте намаз оқитындардың үстінде көлеңке, бастарында тәж, үстеріне киім, алдында жүретін жарық нұр. Адамдар арасында керілген бір перде, Раббы алдында мүміндердің құжаты, мизанда ауырлық, сиратта өткел, жаннаттың кілті. Өйткені намаз тәспіх, тахмит, тағзым, құран оқу және дұға ғибаттардың барлығын қамтиды. Уақытында оқылған намаз абзал амалдардың барлығын қамтиды.
Бес түрлі қараңғылық бар және бұларға қарсы бес түрлі жарық бар:
1. Дүние махаббаты бір қараңғылық, ал жарығы тақуалық.
2. Күнә бір қараңғылық, ал жарығы тәуба ету.
3. Қабір бір қараңғылық, ал жарығы «Лә иләһә иллә Алла, Мұхаммәду Расуль Алла» зікірінде үнемі болу.
4. Ақырет бір қараңғылық, ал жарығы салих амалдар (ізгі істер).
5. Сират көпірі бір қараңғылық, ал жарығы нық әрі күшті иман.
Осы жарықтардың ішіне кіре алған кісі мәңгі бақытты.