#Меркі ауданы: Жаңа мешіттің қазығы қағылды

#Меркі ауданы: Жаңа мешіттің қазығы қағылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Тәтті ауылдық округі, Қарасу ауылы тұрғындары көптен күткен қуынышқа қол жеткізіп, ауылдағы жаңа мешіттің қазығын қақты.

Қазақ халқы бір істі бастамас бұрын ақ дастархан жайып, Алла Тағаладан сол істің берекесін сұрап, жалбарынған халық.

Осы орайда, ауылда шатыр тігіліп, ақ дастархан жайылып, аудан бас имамы Азамат Берікұлын арнайы шақыртып, жаңа мешіттің қазығын қақтырды.

Дастархан басында бас имамы мешіт салудың, мешітке қарайласудың сауабын айтып, ауыл тұрғындарының қолға алған ісіне береке тілеп, Алладан дұға жасады.

Алла қаласа ауылымызда азан айтылып, жұртымызға жақсылықты насихаттауға мүмкіндік алып жатыр. Алла үйінің ашылуына тез арада қауышу үшін Жаратқаннан нығмет тілеп, игі іске атсалысып, әрбір мұсылман баласын көмек қолын созуға шақырамыз.

Осындай игі іске қол үшын сөзып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтерінде абырой-бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан кәсіпкер бауырларымызға Алла разы болсын дейміз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: