#Шулықтар Құрбан айт мерекесін дүбірлетіп өткізді

#Шулықтар Құрбан айт мерекесін дүбірлетіп өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу өңіріне қарасты барлық мешіттер қасиетті Құрбан айт мерекесін айт намазынан бастады. Мешіттеге жамағат лық толып, тәшриқ тәкбірлер айтыла бастады. 

Мешіт имамдары құттықтау сөздерін айтып, мерекелік уағыздарын жүргізді. Барлық мешіттердің ауласында спорттық ойындар жүргізіліп, білекті, мықты азаматтар жүлделі сыйлықтарын иеленді. 

Балаларға арналып батуттар құрылып, балмұздақтар таратылды. Әйелдер жамағаты да айттық дастарханда бас қосып, бірін-біріне сыйлықтар тарту етті. 

Мерекелік шаралардан соң көпшілік құрбандыққа мал шалып, етін мұқтаж отбасыларға таратты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: