Сауд Арабиясында еміне ақша төлемеген науқастың мәйітін аурухана бермей қойды

Сауд Арабиясында еміне ақша төлемеген науқастың мәйітін аурухана бермей қойды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында  қайтыс болған науқас әйелдің көзі тірісінде алған еміне ақы төлеуді талап еткен медициналық мекеме марқұмның мәйітін туыстарына қайтармастан 2 апта бойына ұстаған деп хабарлайды 24kz.

59 жастағы әйел наурыз айының басында тік ішек обырынан көз жұмады. Ол ауруханада барлығы 1 жарым айға жуық емделіп, оның соңғы 23 күнін екпінді терапия бөлімшесінде өткізеді.

Әйелдің алған емінің тұтас сомасы шамамен 140.000 долларды құрайды. Науқас ем алып жатқан кезде оның отбасы небәрі 15.500 долларды жинастырып, төлейді.

Бірақ әйел көз жұмып, туыстары мәйітін алып кетуге келгенде аурухана басшылығы емделу ақысы бойынша қалған соманы төлеулерін сұрайды.

Отбасының қиын жағдайын көрген ауқаттылар тағы бірнеше мың долларды қайырымдылық ретінде беріп, бұл қарызды 48 мың долларға дейін қысқартады. Соның өзінде жергілікті денсаулық сақтау басқармасы қарызды есептен шығарғаннан кейін барып ғана мәйіт отбасына берілген.

hibatulla.kz 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: