Әрбір шаңыраққа береке, ырыс, несібе ала келетін мұсылмандарға Алла өзі бекітіп берген мереке - Құрбан айт. Көріспегендер көрісіп, көрші-қолаң, туған-туыс бірін-біріне қонақ болып, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың артатын мерекесі ол осы айт мейрамы.
Ауданның бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев бастаған имамдар аудандық Қарттар үйін зиярат етті. Айт мерекесінің шаттығын ала келген дін мамандары қарттарды құттықтап, сыйлықтарын тарту етті.
Айта кетейік, аудандық Қарттар үйінде 17 қария бар. Ақсақалдар кезекпе-кезек батасын беріп, көңілін сұрай келген Бас имамға алғысын білдірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

