#Қордай мешіттерінде айт мерекесі тойланды

#Қордай мешіттерінде айт мерекесі тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай мешіттері ұлтты ұйыстырған ұлық мерекені айт намазымен қарсы алды. Өңірге қарасты барлық ауыл мешіттерінде мерекелік намаз оқылып, жамағатқа уағыздар айтылды. 

Мешіт алаңдарына киіз үйлер тигіліп, айт дастархандары жайылды. Ал балаларға арналып батуттар құрылып, тегін балмұздақтар, ойыншықтар мен тәттілер таратылды.

Гір тасын көтеру, палуандар сайысы, арқан тартыс, ләңгі тебу, қол күресі сынды ұлттық ойын түрлері ұйымдастырылып, жүлдегерлерге қаржылай және бағалы сыйлықтар тарту етілді. Шарада ауыл белсенділері сөз сөйлеп, тұрғындарды құттықтады. 

Шаралардан соң барлық ауылдарда құрбандыққа малдар шалынып, еті мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: