Қордай аудандық мешітінде "Имани жаз - 2023" сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Аудандық мешітте 1 айда 70 ұл 80 қыз баласы діни сауатын ашты.
Дәріс өткізу үшін ауданға "Сарағаш", "Үшқоңыр", "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің студенттері іс-тәжірибеден өту мақсатында келіп, мектеп оқушыларына сабақ жүргізді. Оқушылар Құран әліппесі, ислам ғидабаты, әдеп пәндері бойынша білім алды.
Қорытынды күні Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев шәкірттерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Балдырғандарға балмұздақтар таратылып, қыз балаларға орамал сынды сыйлықтар берілді. Ұлдар бөлімі жас ерекшелігіне қарай 4 топқа, қыздар бөлімі де дәл осындай 4 топқа бөлініп оқыған болатын.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

