#Шу: Құрбан айттың 1 күні думандатып қарсы алынды

#Шу: Құрбан айттың 1 күні думандатып қарсы алынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Құрбан айт мейрамы ерекше аталып өтті. Айт намазында мешіттер лық толы болып, аудандық "Жәми" мешітінде Бас имам Бахтияр Амиреев айт мерекесі жайлы уағыз жүргізді. 

Мешіт ауласында алты қанат қазақ үй тігіліп, көпшілік айт дастарханынан ауыз тиді. Құран оқылып, ақсақалдар кезекпен баталарын берді. 

Мереке құрметіне спорттық шаралар ұйымдастырылып, қол күресі, ләңгі тебу, арқан тарту сынды ұлттық ойындардың үздіктері анықталды. 

Додада ептілігімен, мықтылығымен көп ішінен озып шыққандарға бағалы сыйлықтар табысталды. 

Жамағат құрбан малдарын шалып, еті мұқтаж отбасыларға табысталды. Етті үйді-үйге жеткізген имамдар шаңырақтағы мерекелік шаттығымен, қуанышымен бөлісті. 

Берекеге толы мереке аудан мешіттерінде дүбірлетіп қарсы алынып, шараға Шу ауданының және Шу қаласының әкімдері қатысты.

Айта кетейік, аудандық мешітте 1-ші күні 40 отбасыға ет таратылған болатын. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: