Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай аудандық "Жәми" мешіті әйелдер қауымына ерекше қуаныш сыйлады.
Құрбан айттың екінші күнінде мешіт қызметіндегі әйелдер жамағатына мешіт ұстазы Ләззат Махамбетованың ұйымдастыруымен дастархан жайылып, айттық жиын жасалды.
Ұстаз "Құрбан айт мерекесінің артықшылығы" тақырыбында насихат айтып, мешіттің әйел қызметкерлеріне сыйлықтарды тарту етті. Нәзік жандылар мұндай қошеметке алғыстарын білдіріп, өзара әдемі сұқбат құрды.
Сонымен қатар Құрбан айттың 2-ші күні аудандық мешітте 20 отбасыға ет жеткізілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

