Шу ауданы Бірлік ауылдық "Бірлік" мешітінде өңірдің барлық имам-молдалары бас қосты. Ас беріліп, шарада Ұлы отан соғысында хабарсыз кеткен марқұмдардың рухына Құран бағышталды.
Отан қорғау барысында аман-саулығы белгісіз қалып, хабары отбасына қайтпаған қаншама боздақтар бар. Елін қорғаймын деп жүріп қыршын кеткен азаматтар үшін дұға жасалып, көпшілік мешітке жиналды.
Шараға ауыл әкімі, қариялар мен өңірдің барлық имам-молдалары қатысты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



01 Маусым 2026
15 Зуль-хиджа 1447

