#Шу: Құрбан айт қарсаңында Шу имамдарының семинары өтті

#Шу: Құрбан айт қарсаңында Шу имамдарының семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу ауданы Бірлік ауылдық "Бірлік" мешітінде "Ізгі қоғам - өзіңді өзгертуден басталады" тақырыбында дін маманарына арналған семинар өтті. Аталған іс-шарада Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев сөз сөйлеп, ізгі қоғам турасында баяндама жасады. 

Аудан бас имам келе жатқан ұлық мереке Құрбан айтқа қатысты мәселелерді атап өтіп, имам-молдалар тарапынан қойылған сұрақтарға тарқатып жауаптар берді. 

Ал "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы 7 бағыт жұмыстарын пысықтап, мобилографтың жұмысының қажеттілігі, алдағы уақытта аталған мамандармен жұмыс жүргізілетінін тілге тиек етті.

Ауыл имамы Медет Жұматаев дін мамандары бас қосқан жиынға орай ас берді. Жиынға ауыл әкімі, ақсақалдар қатысып, имамдардың басын қосқан шараны сөз етіп, ризалықтары мен алғыстарын білдірді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: