МҮФТИЯТ МЕККЕДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

МҮФТИЯТ МЕККЕДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Мекке қаласында қажылық тақырыбына арналған халықаралық конференция өтті.

 

Конференцияға Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Арын, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының орынбасары Жалалоддин Хамрокулов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Самуддин Атабаев, Сауд Арабия Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің ресми өкілдері, қажылық компанияларының жетекшілері, уағыз-насихат жұмыстарына жауапты имамдар мен 250 отандасымыз қатысты.  

Игі басқосу қасиетті Құран аятымен ашылып, Бас мүфти дұға жасады. Конференцияда арнайы баяндама жасаған ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Расында Алла Тағала жер бетіндегі мұсылман қауымын жылына бір мәрте қасиетті Мекке мен Мәдина қаласына жиып, бауырмалдық байланысымызды арттырады. Біз қажылық сапарында Раббымыздың Құранда атап өткен: «Расында мұсылмандар бір-біріне бауыр» деген өсиетін терең сезіне түсеміз. Мұсылмандардың тілі мен түрі әртүрлі болғанмен, тілегі бір. Олар бір-бірімен жүрек, ортақ ниет арқылы тілдеседі. Бүгінгі басқосуымыз осының айқын дәлелі» деді.

Конференцияға қатысқан мұсылман мемлекеттерінің дін қайраткерлері қажылық жайлы баяндама жасап, ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар игі басқосуға ұйытқы болған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына және  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымына алғыстарын жеткізді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: