Исламның бес шартының бесіншісі – қажылық

Исламның бес шартының бесіншісі – қажылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылық белгілі уақытта, белгілі мекендерді арнайы түрде зиярат ету. Хижреттің тоғызыншы жылында парыз болған. Қажылық әрі дүние-мүлік, әрі дене арқылы жүзеге асатын ғибадат. Белгілі шарттарға сай әр мұсылманға өмірінде бір рет қажылыққа бару парыз. Алланың басқа әмірлеріндегідей қажылықтың да хикметі мен пайдалары бар.

ҚАЖЫЛЫҚ КІМДЕРГЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАРЫЗ?

Төмендегі шарттарға сай кісілерге қажылық парыз:

1)    Ақыл-есі дұрыс болу;

2)    Балиғатқа жеткен болу;

3)    Мұсылман болу;

4)    Бас бостандығы болу;

5)Қажылықтың парыз екендігін білу (бұл шарт мұсылман емес елдерде мұсылмандықты қабылдағандар үшін. Ислам мемлекеттеріндегі мұсылмандардың қажылықтың парыз екенін білмеулері олар үшін үзір, сылтау болып есептелмейді.

6) Керекті қажеттіліктерінен басқа қажылыққа барып-келгенше өзінің қарамағындағы отбасы мүшелерінің күн көрінісіне жетерлік қаражатының болуы.

7)Қажылыққа  жеткізетін өз жағдайына сай көлік және жол шығындарын өтейтіндей ақшасы болу.

8) Қажылық міндетін өтейтін уақытқа үлгеру. Аталған жоғарыдағы шарттардан басқа қажылық міндетін орындау үшін мына шарттардың да болуы керек. Бұлар қажылықты атқарудың шарттары деп аталады.

ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Орындалуы  тұрғысынан қажылықтың үш түрі бар:

1)    Ифрад қажылығы – Ұмрасыз жасалатын қажылық. Қажылық жасамақ болған адам ихрамға кірерде тек қана қажылыққа ниет етіп, қажылық  міндеттерін  атқарады. Ифрад  қажылығын жасағандарға құрбандық шалу уәжіп емес.

2)    Тәмәттуғ қажылығы – Ұмра мен қажылықты бөлек-бөлек ихрамға кіре отырып жасау. Қажылық жасамақ болған адам ұмра үшін ихрамға кіріп, ұмра міндеттерін өтейді, осыдан кейін ихрамнан шығады. Уақыты келгенде қайтадан ихрамға кіріп, қажылық міндеттерін атқарады. Тәмәттуғ қажылығында құрбандық шалу уәжіп.

3)    Қыран қажылығы – Ұмра мен қажылықты бір ихрамда жасау. Қажылық жасамақ болған адам ихрамға кірерде  әрі ұмра әрі қажылық үшін ниет етеді. Алдымен  ұмраны орындайды, бірақ ихрамнан шықпайды. Содан кейін қажылықты өтейді. Қыран қажылығында да құрбан шалу уәжіп.

Қажылыққа барғысы келген кісі осы үш түрлі қажылықтан қалағанын орындайды. Әдіс-тәсіліне, қағидаларына сәйкес жасалған қай қажылықты орындаса да міндетін өтеген болып табылады.

Таджибаев Қатарбай    

 «Айша-бибі» мешітінің имамы   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: