"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің түлектері мелекеттік емтихан тапсырды

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің түлектері мелекеттік емтихан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде оқу бітіруші  3 курс шәкірттері қорытынды мемлекеттік емтихан тапсырды. 

Шешуші сынақты қабылдау комиссиясында ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбит Мырзагелдиев, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің оқытушысы Нұрлан Мұрат болды. 

Студенттер Құран, фиқһ, араб тілі, ақида пәндері бойынша емтиханды билет сұрақтары негізінде ауызша тапсырды. Айта кетейік, биыл 13 шәкірт түлек атанып отыр. Сынақ қорытындысына сай 3 студент қызылға тапсырса, 10 шәкірт көк дипломға оқуын тәмәмдамақ. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: