#Рысқұлов: «Қайырымды жұма» акциясы

#Рысқұлов: «Қайырымды жұма» акциясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Құлан, Луговой, Абай, Тереңөзек ауылдарында қасиетті жұма күнінің қарсаңында «Қайырымды жұма» акциясы қолға алынып, жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға азық-түліктей қайырымдылық жасалды. Акцияда мешіт имамдары еріктілермен бірге азық-түліктерді мұқтаж отбасылардың үйлеріне дейін жеткізіп берді.

 Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)».

 Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Бұл жайында қазақ халқының салт-дәстүрінің сонау белестерінде де көптеп айтылған.

 Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, -  демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп, ата-бабамыз да айтып кеткен.

 Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: