#Шу: "Кәрібай молда" мешітіне наб имам тағайындалды

#Шу: "Кәрібай молда" мешітіне наб имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды. Мешіт имам Аят қажы Дыбысұлы жамағатқа ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын таныстырды.

Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің наиб имам қызметіне Алтай Бексұлтан Олжасұлы келді. Жас маман мешіт табалдырығын аттай салысымен мектеп жасындағы балаларға екі ай бойы діни сауат ашу курсын өткізуді қолға алды.

Ал мешітке келіп жүрген тұрақты жамағатқа араб тілі бойынша дәрістер өткізбек. Көпшілік жас маманға батасын беріп, жылы қарсы алды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: