#Шу: Өңір мешіттерінде "Имани жаз - 2023" курсы жүргізілуде

#Шу: Өңір мешіттерінде "Имани жаз - 2023" курсы жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінде «Имани жаз - 2023» жазғы діни сауат ашу курсы басталды. Дәрісте балаларға ислам әдептері, ислам тарихы, 40 парыз, мұғалім сәни бойынша сабақ жүргізілуде. Арасында тәттілер таратылып, бой сергітер ойындар ұйымдастырылуда. "Кәрібай молда" мешітінің шәкірттеріне наиб имамы    Бексұлтан Олжасұлы ұстаздық етуде.

Мұндай жазғы діни сауат ашу курсы "Ж.Жексенбай"  мешітінде де ұйымдастырылып,  сабақтар басталып кетті. Мешіт имам Шүкірәлі Бердібековтің жетекшілігімен өткен жылғы шәкірттер биылғы шәкірттерге білгенін үйретіп, әрі білімін қайлатап ұстазға қолқабыс болуда.

"Бұрынғылардан сөз қалыпты, бір әріп үйренсең, соны басқа біреуге үйрет деген. Әр баланың деңгейіне, санасына қарай Құран және дүние, жақсы-жаман, обал-сауап туралы мағлұматтар беруге тырысып жатырмыз. Қызық әңгімелер айтып, соңыра балмұздаққа да кезек бердік" - деп атап өтті имам. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: