«Ислам мәдениетінің құнды­лықтары» атты көрме өтеді

«Ислам мәдениетінің құнды­лықтары» атты көрме өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

18 наурызда Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Ислам мәдениетінің құнды­лықтары» атты көрме ашылады. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Біздің заманымыздың VІІ ғасырында Арабия түбегінде пайда болған ислам – қазіргі кезеңде Жер бетіндегі бүкіл адамзаттың рухани өмірінің кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан ең соңғы дін. Мыңдаған жылдар бойы Құранмен бірге енген ислам діні мен араб тілінің әсері көптеген ұлыстармен қатар қазақ халқының да діни, саяси, мәдени, тілдік және әлеу­меттік қарым-қатынастарына зор ықпал еткендігі тарихта мәлім.

Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік орталық музейінде сақталынып отырған ислам мәдениетіне қатысты құндылықтардың негізгі денін араб, парсы, түрік, шағатай, татар, өзбек, қазақ тілдеріндегі сирек кездесетін қолжазбалар мен бірегей басы­лымдар құрайды. Көрме төрінен орын алып отырған осы жәдігерлерді мазмұндық ерекшеліктеріне қарай Құрандар, тәпсірлер, Мұхаммадия және Мұхтасар кітаптар, грамматикалық оқулықтар, сөздіктер, діни мазмұнды әртүрлі литографиялық баспа кітаптар және қазақ тілді (төте жазулы) қолжазбалар деп бірнеше топқа бөлуге болады. Сонымен қатар, көрмеде оның тақырыптық мазмұнын аша түсетін түп­нұсқа фотосуреттер, қосымша иллюс­трация­­лар, Мысыр Араб Респуб­ликасы мен Иран Ислам Республикасы мәдени орталық­тарының мұсылман құснихатымен көркем­делген жәдігерлері көрсетіледі.

Көрме 2015 жылдың шілде айына дейін жалғаспақ. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: