Ташкентте белгілі ислам теологы, шейх Мұхаммед Садық Юсуфтың жаназасы өтіп, оған мыңдаған адам жиналды деп абарлайды BBC News.
Ол 10 наурыз күні 63 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болған еді.
Мұхаммед Садық Юсуф әр жылдары Орталық Азия мен Қазақстан діни басқармасының жетекшісі, КСРО депутаты, Бүкіләлемдік мұсылмандар лигасында ТМД-дағы мұсылман елдерінің өкілі қызметтерін атқарды.
Михаил Горбачевтың билік еткен тұсында Мұхаммед Садық Юсуф арнайы елші ретінде Ауғанстанда тұтқынға алынған жауынгерлерді босату келіссөздерін жүргізген.
Сонымен қатар, ол 2004 жылы Бесландағы мектепте лаңкестік оқиға орын алған кезде Владимир Путинге кеңесшілік етті.
hibatulla.kz