Бүкіл әлемдердің Раббысы болған Алла тағалаға сансыз мадақтар болсын!
Алланың игілігі мен сәлемі соңғы пайғамбар Мұхаммедке және оның отбасына болсын!
Ислам дінінің бесінші тірегі - қажылық. Хаж (қажылық ) араб тілінде" құрметті орынды зиярат ету" деген мағынаны білдіреді. Ал бұл сөздің шариғаттағы мәні белгілі бір орындарды белгіленген уақытта, белгіленген амалдарды орындау арқылы зиярат ету немесе діннің бір тірегін орындау мақсатында Қағбаны зиярат ету.
Белгілі орындар - Меккедегі Харам мешіті, Мина үстірті, Арафат және Муздалифа аймақтары.
Белгіленген уақыт - қажылық айлары.
Белгіленген амалдар - ихрам киімін кию, тауап пен сағи жасау, Арафатта тұру, Мина мен Муздалифа түнеу, құрбандыққа мал шалу,шаш алдыру және т.б. амалдар.
Қажылықтың үкімі.
Қажылық - балиғат жасына толған, ақыл - есі бүтін, қаражаты жеткілікті және қажылық сапарына денсаулығы жарайтын әрбір мұсылманға парыз.
Алла тағала құранда:
"Оның жолына шамасы келген адамдарға Алла үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасау міндет".
Әбу Һурайра ( Алла оған разы болсын ): "Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ей, адамдар! Алла сендерге қажылықты парыз етті, сондықтан қажылық жасаңдар " - деді.
Қажылықтың мұсылманға беретін пайдасы оразан зор
1. Пенде мойнына жүктелген міндеттен құтылу арқылы сансыз сауапқа кенеледі.
2. Алла қажылық ғибадатын орындаған адамның өткен күнәларын кешіреді.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): Пайғамбардың (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын) "Кімде - кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә және жамандық істемей, Алла үшін қажылық жасаса, (үйіне) анасынан жаңа туғандай болып қайтады" - деп айтқанын естідім. - деген.
Яғни Алланың разылығын тілеп, біліп және білмей істеген күналарына шынайы ықыласымен кешірім сұрап, жаннатты үміт етіп қажылық амалдарын толық орындаған адам күнадан жаңа сәбидей пәк, таза болады.
3. Қажылар мен умра жасаушылар - Алланың қонақтары..
4. Қажылық адамның жүрегін тәкаппарлықтан дүниеқорлықтан тазалайды. Сондықтан Алла разылығы үшін қажылықтың жоралғыларын толық орындаған адам еліне қайтқанда өзін пәк сезінеді.
5. Қабыл болған қажылықтың сауабы - тек қана жаннат.
Міне қажылықтың мұсылманға дүние мен ақіретіне пайда беретін дүниелері.
Алла баршамызға қыжылықты нәсіп етсін!
Таңатаров Ғани Жанұзақұлы
Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы
«Бектөбе» мешітінің имамы