Пан Ги Мун Ирактағы көне жәдігерлерді қорғауға шақырды

Пан Ги Мун Ирактағы көне жәдігерлерді қорғауға шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун халықаралық қауымдастықты Ирактағы көне тарихи және мәдени жәдігерлерді "Ислам мемлекетінен" қорғауға шақырды. 

"Бас хатшы халықаралық қауымдастықты аталған террористік актілерге нүкте қойып, мәдени жәдігерлердің ұрлануына жол бермеуге шақырды" делінген БҰҰ-ның баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеде.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, тарихи-мәдени ескерткіштердің көзін қасақана жою әскери қылмыс болып табылады және оған кінәлілер міндетті түрде жазалануы тиіс.

Айта кетейік, кеше "Ислам мемлекетінің" содырлары Ирактағы көне Дур-Шаррукин қаласының тас-талқанын шығарды. Аталған шаһар б.з.д. 717 жылы екінші Саргон патшаның әмірімен салынған. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: