Нью-Йорк мектептерінде биылдан бастап Ораза айт пен Құрбан айт мерекелерінде оқушылар демалатын болады. Бұл жайында кеше қала мэрі Билл де Блазио мәлімдеді.
Қала басшысының айтуынша, енді Нью-Йорктегі мұсылман отбасылары аталған мереке күндері балаларын мектепке жібермей, діни мейрамды отбасында атап өтетін болады. Бұған дейін білімнен гөрі дінге қатты мән беретін АҚШ мұсылмандары айт мерекесінде балаларын мектепке жібермей, салдарынан түрлі қиындықтар туындап жататын.
"Қалада мұсылмандар санының көптігінен мұндай қадамға бару бірқатар әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне де ықпал етеді" деді Билл де Блазио.
hibatulla.kz