#Меркі ауданы: Ұлттық көкпар ойыны насихатталды

#Меркі ауданы: Ұлттық көкпар ойыны насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы шабандоздары арасында көкпар сайысы өтті.

Сайысқа бірнеше команда қатысып, көкпаршылар білек күші мен ат құлағында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Сайысты тамшалауға ауыл халқы мол жиналды.

Жиналған шабандоздар мен халыққа аудан имамы Азамат Берікұлы: «Осы спорт түрін одан ары дамыту және жастардың ат спортына деген қызығушылығын ояту бағытында бірнеше шара жоспарланып, іске асуда. Көкпар – ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ұлттық ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек. Ойын барысында, нәпсінің қалауынан, шайтанның азғыруынан аулақ болып, барлық ереже, талаптарды сақтап, бір-бірімізге бауырмашылдық қарым-қатынас танытуымыз керек», - деп, батасын берді.

Бас имам осы бастаманы іске асырған аудандық көкпаршылар ұжымының еңбегін жоғары бағалады. Сайыстың көрігін қыздырып, жұрт көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар марапатқа ие болды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: