Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Осы бағытта Бас мүфти бастамасымен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан сәбилерге, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ әлеуметтік көмекке зәру жанұяларға көмек беру шаралары жалғасуда.
Жуырда 26 жыл құжатсыз жүрген Орынбек Ізет есімді азамат әйелі мен ұл-қыздарының құжатын жасап беру үшін Діни басқарманың көмегіне жүгінді. Өтініш хатты Бас мүфтиге жазған оның тілегі орындалып, Алматы облысының имамдары тарапынан қажетті көмек көрсетілді.
«Мен Орынбек Ізет Орынбекұлы, Сізге өтініш білдірген едім. Сол өтінішімді оқып, Сіз көмек бердіңіз. Жиырма алты жыл құжатсыз жүрген әйелім мен ұл-қызым қолдарына құжат алды. Сізге Алла разы болсын!» – деп лебізін, айрықша алғысын білдіріпті хат иесі.
ҚМДБ Баспасөз қызметі