#Қордай ауданының жаңа бас имамы алғашқы жиналысын өткізді

#Қордай ауданының жаңа бас имамы алғашқы жиналысын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының жаңа бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев өңір имам-молдаларымен, ұстаздарымен алғашқы мәжілісін өткізді. 

Аудандық "Қордай" мешітінде өткен бас қосуда бас имам мамандармен танысып, сұқбаттасты. Бірқатар тапсырмалар жүктеп, мешіттерді аралайтындығын жеткізді. Сапар барысында мешіттегі бейне бақылау камераларының жұмыс жасауы, әдеби кітаптар тізімі, тыйым салынған кітаптардың сөрелерде болмауы, имамдардың киім үлгісі мен мешіт тазалығы қаралатынын атап айтты. 

Қариялар жаңа келген бас имамның қызметіне дұға етіп, ізгі тілектерін жеткізді. Шарадан соң бас имамдық қызметтен Таразға ауыстырылған маман Асқар Зәкіржанұлы имамдарға қоштасу дастарханын жайды. Көпшілік бірге ас басында жылы лебіздерін білдіріп, осы уақытқа дейін басшылық еткен имамды алыспен шығарып салды. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: