"Кеңесхан қажы" мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

"Кеңесхан қажы" мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Тараз қаласында орналасқан көрікті Алла үйі "Кеңесхан қажы" мешітіне жаңа имам тағайындалды. 

Аталған мешітке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы барып, имамдық қызметке тағайындалған Асқар Зәкіржанұлын жамағатпен таныстырды. Бас имам маманның Жамбыл облысы бойынша мешіт саны ең көп өңір Қордай ауданында бас имам қызметін өте жақсы атқарғанын тілге тиек етіп, имамның білімі мен тәжірибесін тілге тиек етті. 

Бас мүфтидің бұйрығын оқып, маманға жаңа қызметте жаңа шыңдарды бағындыруын тіледі. Айта кетейік, Асқар Зәкіржанұлы 2011-2014 жылдар аралығында "Үш қоңыр" медресесін тәмамдап, 2014-2017 жылдары Қордай аудандық мешітінде ұстаздық қызметтен, 2017-2020 жылдары наиб имам, 2020-2023 жылдары бас имам қызметіне  дейін қажырлы еңбегімен көтерілген. Тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті мол маманның шаһардағы үлкен мешітің ісін дөңгелетіп алып кететініне көпшілік дөп сенімді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: