31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.
Елі үшін жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтарға Шу аудандық "Жәми" мешітінде өңірдің Бас имамы Бахтияр Амиреев бастаған имамдар құран бағыштады.
Жамағатқа осынау тарихи оқиғаларды баяндап, ата-бабаларымыздың жанкештілігі тілге тиек болды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


21 Қаңтар 2026
2 Шаабан 1447

