Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал мұндай игілік мешіттерде жиі ұйымдастырылады.
"Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен 2 қой сойылып, еті 10 мұқтаж отбасыға үлестірілді.
Мешіт азаншысы Ибрагим Жалалиев отбасыларға қайырымдылықты жеткізіп, баталарын алып қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі