1 маусым - Балаларды қорғау күнінде Шу ауданы "Төле би" мешітінің ұйымдастыруымен көпбалалы 2 отбасыға көмек көрсетілді.
Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы бастап азық-түлік арқалап барған мешіт қызметкерлеріне балалар мәз-мейрам болып, қуана қарсы алды. Жанұялар алғысын айтып, үлкендері бата берді.
Айта кетейік, қайырымдылыққа жалпы 100 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



28 Қыркүйек 2026
15 Раби-сани 1448

