Қордай ауданына жаңа Бас имам тағайындалды

Қордай ауданына жаңа Бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев аудандық "Қордай" орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Насихаттан соң жамағатқа хабарландыру жасап, бірнеше жыл бойы қажырлы еңбек етіп, өңірдің діни ахуалының дамуына ерең үлес қосқан Асқар Зәкіржанұлына алғыс білдірді. Жамағат имамға шапан жауып, жылқы мінгізді. Қариялар батасын беріп, көпшілік игі тілектерін жаудырды. 

Облыс бас имамы Қордайлықтарды жаңа бас имам Әлмұхаммед Егізбаевпен таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды. Білікті маманның білім деңгейін, тәжірибесін тілге тиек етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. 

Егізбаев Әлмұхаммед Айтмұханұлы 2009-2012 жылдар аралығында Түркістан каласында Құран курсын оқып, Құран Кәрімді толықтай жаттап шыққан қари.  2012-2015 жылдар аралығында Шымкент қаласы, «Шымкент» медресесін тәмәмдаған. 2016-2019 жылдар аралығында Түркия мемлекеті, Қайсери қаласындағы «Хасеки академиясында» білім алған. 2019-2020 жылдар аралығында Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжiнiң ұстазы қызметін атқарса, 2020-2021 жылдар аралығында Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы қызметінде болды. 2021-2022 жылдар аралығында Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің наиб имамы қызметі, 2022 жылдың мамыр айынан бері Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің азаншысы әрі Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы қызметін атқарып келді. 

Айта кетейік, имам 2022 жылдан бері "Бекет ата", "Һибатулла Тарази" сынды, облыстық, қалалық, аудандық мешіттерде тарауық намазында Құран хатымдарын оқыған.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: