Айша анамыздың (р.а.) былай айтқаны келтірілген: Алла Елшісі (ﷺ) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына: «Маған алдымен қолы ұзын болғаның қауышасың», – деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз.
Алла Елшісінің (ﷺ) «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа беретін».