Пұтқа табынушылық

Пұтқа табынушылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні мүміндер мүшріктерден: «Жер мен көкті және сендерді кім жаратты?» – деп сұрайды. Мүшріктер «Алла» деп жауап берді.

–  Онда неліктен меңіреу пұттарға табынасыңдар?

–  Пұттарға бізді Аллаға жақындатсын деп табынамыз. Біз оларға ғибадат етсек, олар біз үшін Алладан шапағат тілейді.

Осыдан кейін мына аят түседі:

«Кітаптың уахимен жеке-жеке түсуі Азиз әрі Хаким Алладан. Біз саған кітапты нағыз ақиқат ретінде түсірдік. Олай болса, сен де бір ғана Аллаға құлшылық ет. Естеріңде болсын, жалғыз Аллаға табынса ғана дін таза болады. Одан басқаны құдай етіп: «Бұларға бізді Аллаға жақындатсын деп табынамыз» дегендерге келсек, олар таласқан мәселеде Алла Өзі үкім береді. Алла суайттық, көрсоқырлық пен күпірлікке салынғандарды тура жолға салмайды, мақсатына жеткізбейді. Алла перзент иеленуді қаласа, жаратқандарынан қалағанын алатын еді. Бірақ ол перзент иеленбеді. Ол бұдан пәк, кез келген нәрсені хикметпен жарататын Хаким!» [1].

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: