Американың CNN телеарнасы ИСИМ террорлық ұйымының бас жендеті туралы ақпар бергенде эфирге Ресей президенті Владимир Путиннің фотосын берген.
Путиннің фотосуреті Джихадшы Джонның бейнероликтен алынған бейнесінен соң бірден эфирге шығып кеткен. Бұл туралы Ult.kz сайтына сілтеме жасай отырып bnews.kz сайты хабарлайды.
Телеарна өкілі бұл бейнесерверден кеткен техникалық ақау деп отыр. Олар Путиннің фотосуретін келесі сюжетте бермек болып, дайындап отырған. CNN телекомпаниясы бұл қателік үшін кешірім сұрады.
Бұған дейін, британияның BBC арнасы «Ислам мемлекеті» ұйымының бас жендетінің кім екенін анықтағанын хабарлаған. Ол шыққан тегі кувейттік британиялық Мохаммед Эмвази болып шықты. Ол екі америкалық журналисті, үш британ және екі жапон азаматын өлтірген бейнероликтерден көрінген.
Айтпақшы, CNN телеарнасының эфирден жіберген қателіктері бір бұл емес. Телеарна ұжымы 2014 жылдың қараша айында тікелей эфирден ел президенті Барака Обаманы нөмірі бірінші террорист саналған Усама бен Ладенмен шатастырып алған.
hibatulla.kz