Діни басқарманың жанынан қасапшыларды оқытатын арнайы курс ашылмақ

Діни басқарманың жанынан қасапшыларды оқытатын арнайы курс ашылмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мал союда арнайы әдептерді ұстанған жөн. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында ҚМДБ халал өнiмдердi стандарттау бөлiмiнiң меңгерушiсi Бейбіт Мырзагелдиев мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Республикамыздың түпкір-түпкірінде қаншама мал сойылады. БАҚ-тан көріп, оқып жүргендеріңіздей, мал соятын мекемелердің кейбірі санитарлық ережелерді қадағаламайды. Етті қалай сойып жатқандарын көрсеңіздер, тәбетіңіз қашып кетеді. Малды "біссіміллә" айтып сойып, "іс бітті" деп ойласақ, бұл қателік болады. Жалпы мал союдың әдептері бар. Ең бірінші мал қандай жағдайда өсіп-жетілетіндігіне қарауымыз керек. Біз қазір осыны қолға алып отырмыз. Оны қадағалау жүйесі өте оңай. Мал бірін-бірі көрмеу керек. Малда гормонды қорқыныш деген болады. Ол қозатын болса, адам ағзасына зиян келтіреді. Сондай-ақ, малдың көзінше, пышақ қайрау сынды істерді Жаратушы сүймеген және пенделерін айуандарға мейірімділікпен қарауға шақырған. Сондықтан біз қазір қасапшылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шамамыз келгенше, Діни басқарманың жанынан арнайы курс ашып, қасапшылардың бәрін сол жерге жинап, сабақ өткізбекпіз»- деді Мырзагелдиев.

Оның айтуынша, дәріс біткенен кейін қасапшылардың қолына арнайы куәлік беріледі. 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: