Ауғанстанда қар көшкіні 100-ден астам адамның өмірін қиды

Ауғанстанда қар көшкіні 100-ден астам адамның өмірін қиды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауғанстанда екі күн бойы толассыз жауып тұрған қар салдарынан көшкін жүріп, 100-ден астам адам көз жұмды.

Табиғи апаттан елдің солтүстік-шығысындағы Панджшер провинциясы қатты зардап шекті. Онда бірнеше ағаш толығымен омбы қардың астында қалған. Жүздеген тұрғын  үсіп өліп, кейбірі жарақат алды. 

«Үш бала мен бір ересек адам әлі қар астында, тек екі адам ғана құтқарылды. Бұған қоса, қар көшкіні салдарынан төрт-түлігімізден айырылдық», - дейді апаттан зиян шеккен ауыл тұрғыны. 

Толассыз жауған қардан бұл ауданда автокөлік қозғалысы да тоқтаған, деп жазады euronews.com. 

Ауғанстанда жыл сайын қар көшкінінен ондаған адам бақилық болады. Осыдан 5 жыл бұрын Саланг асуында 170-ден астам адам табиғи апаттың құрбаны болған еді.

hibatulla.kz

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: