Ұрыға мал құтаймас

Ұрыға мал құтаймас

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Кейбір адамдардың бойында болатын ең жаман қасиеттердің бірі - өзгінің мал – мүлкіне қол сұғу. Соңы кәсіп ету. Солай отбасын асырап бағуы. Өзгенің маңдай термен жинаған малын, белден басып ұрлап қолды етуі. Қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе болып тұр.

«Ұрлығына көнсемде, қорлығына көнбеймін» деген халықпыз. Бұл ұры деген қазіргі кезде қарапайым шаруа халықтың малына қырғидай тиіп, әбден басынып, қанап бітті. Мына нарықтық заманда бір – екі малының бетіне қарап отырған халықтың малын ұрлап, балаларының көз жасына қарамай, сол ұрлықтан түскен ақшамен отбасын асырап отырған ұрылар көбейіп кетті қазіргі қоғамда. Сондай отбасылардан тәрбиеленіп, ұры әкенің ұрлықпен тапқан нанын жеп бойына сіңіріп өскен балалардан өскенде қандай еліне адал қызмет ететін, отанын қорғайтын қандай патриот ұрпақ шығады екен. «Ұрыдан жалмауыз туады, жалмауыздан қанды ауыз туады» деп қазақ халқы ұрлықты көріп тәрбиеленген отбасыдан дені дұрыс ұрпақ шыға қоймайды деп болжаса керек. Өйткені ұрлық өзге жаман қасиеттер сияқты баланың бойына әкеден көріп білу арқылы, әкеден үйрену арқылы, әкенің ұрлықпен тапқан нанын жеу арқылы бойына сіңірумен қалыптасады. Сөйтіп өз ұрпағынын маңдайына өмірі өшпейтін бәленшенің ұры баласы деген танбаны өз қолымен басып береді. Ұрының балалары ұрлық жасамай әділ таразыны ұстанып, таза адал еңбекпен табыс тауып жүрседе алдынан әкесінің халықты қан қақсатып істеген ісі алдынан көлденен шыға береді. Бір жерде ұрлық болса халық бетіне айтпасада сырттай күдікпен қарайды. Қазақта «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген сөз бар. Сүйекке  түскен танба ешуақытта өшпейді. «Ұры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды» деген. Осы жолды оңай көріп, өзгенің маңдай терімен бағып отырған малын ұрлап, отбасының напағасын айырып отырған ұры, осылайша өзінің ұрпағының келешегіне үлкен зардабын тигізеді. «Ұры басқаның малын жейді, өзінің арын жейді» дейді. Яғни, ұрлық жолында өзінің ар – намысын құрбандыққа шалған ұры,  ар – ұят деген сезімдерді жүрегінен суырып көміп тастайды. Көзіне түскен малды өзінің малы сияқты көретін болады. Осылай ол аурудың бір түріне айналып, атадан балаға жалғасын табатын көленкелі кәсіп көзіне айналады. Өзінің мыңғырған малы болсада кедейдің жалғыз сиыры көзінің құртына айналып отырса, тұрса соны ойлаумен соны ұрлап сатқанша жаны жай таппайды. Елді қан қақсатып бетіне қарап отырған жалғыз тұяғын шімірікпестен ұрлайды. Осылай көңілі жәй табады. Сондықтан баласынан бастап ұрпағына сүйекке түскен ұры деген таңбаны басып, елдің алдында қарабет болғанша, қолынан келетін ауыр болса да бір үзім нанды адал жолмен тапсан, отбасында береке болады. Алланың алдында мәртебен жоғары болады. Елдің алдында қуыстанбай енсенді көтеріп жүресін.  Ұрлықпен табылған мал шариғатта өлген малдың, бауыздалмай сойылған малдардың үкімінде болады.  Яғни, ұры бір малды ұрлап алып келіп сойып алып азық етсе де, сатып түскен ақшасына отбасына киім-кешек, азық-түлік алса да, ол отбасы үшін барлығы арам болып табылады. Ұрлықпен табылған малда қаншама адамның наласы бар. Қаншама балалардың көз жасы бар. Бірі болмаса да бірі атылған жебедей дөп тиюі мүмкін.  «Ұрлық, ұрлық түбі қорлық» деп қазақ халқы тегін айтпаған. Өйткені нала, көз жасы дегендер дәрменсіз адамдардың қаруы болып табылады. Ол шын жүректен атылса ұрының өзіне тимеседе бір ұрпағына  дәл тиеді.  Әрбір адам отбасымды қалай асыраймын деп емес, Қазақ еліне қандай батыр әділдіктің туын көтерген ұрпақ қалдырамын деп ойланған жөн. Алла жаратқан пендесін напақасыз қалдырмайды. Тек барлығы адал еңбекпен келуі керек.

Зульфухар  Түзелбаев 

 Бостандық ауылы

«Төртбай ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: