АҚШ билігі елде Орталық Азиядан шыққан үш азаматтың "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларына материалдық көмек көрсетпек болды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Болжам бойынша, олардың екеуі - 24 жастағы Өзбекстан азаматы Абдурасул Джурабоев пен 19 жастағы Қазақстан азаматы Акор Сайдахметов Түркия арқылы Сирияға өтіп, содырларға қосылуды жоспарлаған.
Джурабоев бұған қоса "Ислам мемлекеті" ұйымының нұсқауымен АҚШ-та теракт жасауға дайындалған, ал Сайдахметов "егер шетелге кете алмаған жағдайда АҚШ-та теракт жасауды жоспарлаған" деген күдікке ілініп отыр.
Үшінші адам - 30 жастағы Аброр Хабибов тергеу деректері бойынша Сайдахметовтің содырларға сапарына демеушілік жасаған.
Ұзамай бұл үшеуі де Нью-Йорк пен Флоридада сотқа тартылмақ. Айыпты деп танылса олар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.
hibatulla.kz