ИСИМ-ді насихаттаумен айналысып жүрген «Зора» қоры (Zora Foundation) лаңкестердің әйелдеріне тағам әзірлеуді үйрететін ас мәзірлері кітапша басып шығарды. Кітапшада көрсетілген тағам түрлері содырларға соғыста орасан қуат беретін көрінеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
Лаңкестер бұл тағамдарды ұрыс кезінде үзілістерде сумен немесе кофемен араластырып жейді екен. Тағамдар ақуызға бай болғандықтан, сарбаздардың күш-қуатын арттырады екен. Кітаптың алғашқы таралымы араб тілінде басылып шыққан.
ИСИМ лаңкестік ұйымының негізі 2006 жылы қаланған. 2014 жылы ұйым содырлары Ирак пен Сирияның бір бөлігін басып алып, «халифат» құрды. Осы уақыт аралығында ұйым мүшелерінің қолынан сан мыңдаған бейбіт тұрғындар мен әскерилер қаза тапты.
АҚШ үкіметі халықаралық одақ құрып, өткен жылдың тамыз айынан бастап ИСИМ қосындарына шабуыл жасай бастады. 2014 жылдың желтоқсанында Ресей үкіметі ИСИМ-ді ресми түрде лаңкестік ұйым ретінде танып, ел аумағында олардың жұмысына тыйым салды.
hibatulla.kz