Құран мен Сүннетке сай ашуды қалай жүгендеуге болады

Құран мен Сүннетке сай ашуды қалай жүгендеуге болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран мен Сүннетте өз кемшіліктерін қалай анықтап, олардан қалай құтылудың көптеген жолдарын табуға болады. Міне, солардың бірнешеуі:

1. Көмек сұрап үнемі Аллаға сиыну әрі дұға жасау

Күнделікті бес уақыт намаз мүмінді әрбір істе Алладан көмек сұрауға үйретеді. Әр намазда біз былай айтамыз:

«Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!» (1:5).

Сондай-ақ, Құранда Алла былай айтқан:

«Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын... (40:60).

Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мынадай көркем дұғасы бар:

«Уа, Ал­ла, Сенің тылсымды білетін іліміңе әрі жаратқандарыңның үстінен жүргізетін билігіңе сиынамын. Маған өмірдің қайырлы екенін білсең маған өмір сыйла, егер Сен мен үшін өлімнің қайырлы екенін білсең, онда менің жанымды ал. Уа, Ал­ла, Сенен ашық әрі жасырын түрде тақуалық сұраймын,  сондай-ақ, ашу мен ризашылықта Сенен хақ сөзді сұраймын, кедейлік пен байлықта Сенен ұстамдылық сұраймын, Сенен үзілмейтін қайыр мен таусылмайтын көз рақатын сұраймын. Есептен соң Сенің ризашылығыңды, өлімнен соң қайырлы өмірді тілеймін. Уа, Ал­ла, Сенің Жүзіңді көруге нәсіп ете гөр, Сенімен кездесуім зиянсыз әрі адастыруға жетелемейтін болғанын қалаймын. Уа, Ал­ла, бізді иманмен безендір әрі бізді тура жолды көрсететіндердің және тура жолда жүретіндердің қатарынан ете гөр. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән» (Сунан ан-Насаи).

2. Қарғыс айтылған шайтаннан Аллаға сиыну

Құранда Алла Тағала былай айтқан:

«Ал енді сені шайтаннан бір түлен түртсе, сонда Аллаға сиын. Өйткені, Ол әр нәрсені толық естуші, білуші» (41:36).

Бұл жөнінде Сүлеймен ибн Сард жеткізген хадисте былай келтірілген:

«Екі ер адам бір-бірімен ұрсыса жөнелгенде біреуінің беті қызарып, мойнындағы көктамыры білеуленіп шыға келгенде мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) қасында отырған едім. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): "Асылында, бұл қалыптан құтқаратын бір сөзді білемін: Шайтаннан Аллаға сиынамын (Аузу билляхи мина ш-шайтани р-раджим)"» (Бұхари, Мүслим)

3. Қалыпты өзгерту

Әбу Зарр Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: 

«Тұрып тұрған біреу ашуланар болса, отырсын. Егер сонда да оның ашуы тарқамаса, онда ол жатсын» (Әбу Дәудтің Сунаны).

4. Үнсіздік

Алла Елшісі (ﷺ)  былай айтқан:

«Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, тек жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» (Бұхари, Мүслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: