Селфимания: Өнер ме, әлде ауру ма?

Селфимания: Өнер ме, әлде ауру ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы кездері әлемде селфи эпидемиясы кең таралып, бұл сүйікті амал-әрекет сондай дәрежеге жеткеніне көпшілік куә. Тіпті селфи жасауды үйрететін арнайы курстар, үйірмелер де жария етілген. Қош делік, біздер камерада өзімізді суретке алған кейін де сол бейнеде бейнелеріміз сақталып қалуда ма?

Адамдар өздерінің ішкі өмірлерін жасырып, тек сыртқы келбеттерімен өз таныстарына бейнелерін жіберуде ме? Өкінішке орай, қазіргі таңда осы мәселеде көптеген көріністер өзгерген. Қандай мәселеде сөз өрбіп жатыр деп қалмаңыз. Әңгіме тек селфи жасау мәселесінде ғана болып жатқандығы жайлы қозғалуда. Технологиялардың дамуы арқылы адамзат баласының неше ғасырлар бойы жасап келген қадірі мен мәдениеттері едәуір өзгерді. Селфи арқылы адамдардың рияға (көрер көзге мақтаныш) деген жолдары кеңейгенін ғалымдарымыз растауда. Әр адамның аяқ астынан мақтануға, менменмендікке дайын тұратынына салынған жолы ашылды дегенді түсіндіріп бағуда. Не нәрсе болса, соны паш (жария) етуге асығып тұратынын айтуда. Өзін танымалдар қатарынан көргісі кеп тұратын тұлғаға айналдық дегенді есімізге салуда. Қысқасы, селфи (селфимания) басты жұмысымызға, басты құралымызға айналғанын меңзеуде. Алайда қызметтік мәселелер (фотоотчет, есеп беру, шұғыл тапсырма, атқарылған жұмыстар) бұлардан тыс болып саналады.

Бұл амалдың қызық жері, селфи қаншалықты ғажап суретте болса, неғұрлым көбірек "лайктарға" ие болады мыс, яғни құдды бір көбірек дауыс жинағандай әсер қалдырады. Ал егер аз лайк жинаса, өзі жайында жағымсыз пікірлерді жинауы да бек мүмкін екен. Айтып отырған мәселелер көбінесе Твиттер, Instagram сондай-ақ Facebook желілерінде орын алып жатады.

Ал енді Ислам әлемінің селфи жасау жайлы нақты көзқарасы қалай? Адамдардың Үлкен Қажылық және Умра сапарлары кездерінде де Қағба фонына қосып өздерін суретке түсіріп жатқандығын байқаймыз. Мүмкін естелік үшін қалсын дегендері шығар. Дегенмен, егерде сіз Мекке мен Мәдинада ғибадаттарыңызды амалға асырып жатқаныңызда, Аллаға іштей жалбарынып дұға жасап жатқаныңызда қасыңызға бір кісі келіп өзімен-өзі селфи жасап әуре болып жатса, сіз үшін бұл ұнамды іс па? Әрине сіз үшін ауыр, әрі қолайсыз жағдай. Өйткені аздап болса ғибадатыңызға өз кедергісін тигізетіні сөзсіз. Осы мақсатпен келген ба деп, іштей жиіркеніштілік танытуыңыз мүмкін. Өйткені, қашанда адам адамның айнасы болып саналған.

Әсіресе, Меккеде Қағба маңайында тауап амалының ортасында адамдар селфи жасау үшін тоқтап қалатын болса, бұл жағдай үлкен кептеліске әкеліп соғады және өзге қажыларға айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл жайында Қағбада қызмет қылушы қызметкердің бірі өз сөзінде: "Соңғы кездері қажылыққа келушілер арасында селфи жасаушылар саны қатты көбеюде. Жанындағы адам үшін кедергі болмаса оқасы жоқ. Ал енді кейбір адамдар жұма күні жұма намазы кезінде имамды тыңдау орнына, ғибадат жасаушыларды суретке алып, елдің мазасын алып жатады. Жұманы, намазды емес, осы бір істі абзал санайды. Бұл оғаш қылығымен жамағаттың мазасын алып жатқандығын өзі де сезбейді, әрі түсінбейді. Осы бір мәселе мені қынжылтады",- дейді.

Ал енді бұл жайында қажылардың өздері не дейді?: "Мен Қағбаны көруді, умра амалын жасауды ұзақ жылдар бойы армандап күткен жанмын. Сол үшін де бұл сапарым мәңгі есімде қалса деймін, селфи жасауымның да мақсаты сол, бұл менің телефонымдағы ең керемет суреттер қатарында болып сақталатынына сенімдімін!",-дейді пәкістандық Абдуррахман Ясин.

Кувейттік қажы Халид әл-Шимран: "Қағбаның көрінісі ақиқатында ғажап. Мен селфи арқылы ол ғажапты достарыммен бөлісемін!",- дейді.

Сонымен, қажылардың селфи жасауларының өз мақсаттарын түсіндік. Бірақ та адамның жүрегінде сақталу үшін ол жерде табылудың өзі жетерлік емес пе? Селфи бақыт пен қуанышқа жеткізе алмайды. Мекке мен Мәдинадай киелі мекенде шаруамызды арзымас істермен (селфи) өткізу лайықты ма? Ол жерлер тек ғибадат пен дұға жасаудың ордасы емес пе? Әлде Қағба селфи жасайтын дүнияуи жәй бір ғимаратқа, марказьға ұқсап тұр ма? Селфи арқылы кейбір нәрсенің (құлшылықтың) орнын ауыстырып алмадық па? Селфи арқылы ғана Аллаға жақындағаныңызды сезінесіз бе? Амалдарымыздың бәрін толығымен риякерлікке ауыстырып жібермедік пе? Қағбаға бару - Раббымызбен оңаша сырласу, мінәжат жасау емес пе? Қазіргі таңда қажылықта суретке түспесең, ешкім қажылығыңа сенбейтіндей әсер қалдырады. Бір сәт ойланатын нәрсе екен..

Қорыта айтқанда, болмашы нәрсемен айналысқанша, маңызды нәрселерімізбен шұғылданғанымыз дұрыс. Біздерді селфи емес, Жаратушымыздың біздерге деген разылығы әрқайсыларымызды қызықтырғаны дұрыс шығар.

Үмбет Сабырханов

Әл-Хақ мешітінің имамы

Рысқұлов ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: