НАМАЗДЫ ЖАЛАҢБАС ОҚУҒА БОЛА МА?

НАМАЗДЫ ЖАЛАҢБАС ОҚУҒА БОЛА МА?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз оқыған кезде адам өзін Жаратушысының құзырында тұрғандай сезіну керек. Әлбетте бұл сәтте оның таза әрі әдемі киімдерді киіп тұрғаны дұрыс. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Қай кезде де намаз оқитын болсаңдар, зейнеттеріңді (таза һәм әдемі киімдеріңді) киіңдер», – деп бұйырады («Ағраф» сүресі, 31-аят).

Тәпсірші ғалымдар осы аяттағы «зейнет» сөзін адамды байыпты әрі салмақты көрсететін киімдер екенін түсіндіреді. Көптеген үлкен ғалымдар бұдан бірнеше ғасыр бұрын өз кітаптарында намазды бас киіммен оқу туралы мәселеге тоқталып, оның үкімін ашық баяндап өткен. Атап айтқанда, ғұлама Хаскафи (Алла оны рахмет етсін) өзінің «Дуррул мұхтар» кітабында намаздағы мәкруһ істерді санап, былай деген: «Намазхан адамның (бас киім киюге) ерініп, жалаңбас хәлде намаз оқуы – мәкруһ. Егер өзін бишара тұтып осылай істесе, оқасы жоқ. Егер бас киімі (намаз оқып жатқан кезде) түсіп кетсе, оны алып киюі – абзал. Бірақ оны қайта орауды немесе көп әрекет етуді қажет етсе, олай істемейді» (Хашияту Ибн Абидин, 1/691).

Негізінде, Алла елшісі (оған Алла ның салауаты мен сәлемі болсын), саңлақ сахабалар, ізгі ғалымдар мен өткен ата-бабаларымыз намазды бас киіммен оқуға әдеттенген.

Ханафи мәзһабында жалаңбас намаз оқуға қатысты бірнеше үкім айтылған:

1. Лажсыз жағдайда жалаңбас намаз оқуға рұқсат етіледі. Мәкруһ саналмайды.
2. Жалқаулық себеппен жалаңбас намаз оқу – мәкруһ-танзиһи. Сол себепті сауабы азаяды.
3. Жалаңбас намаз оқуды сүннет деп, анық-қанығына жетпей оны әдет етіп алу – мәкруһ-тахрими.
4. Жалаңбас намаз оқуды сүннет санап, солай таңдау жасау – бидғат.
5. Жалаңбас намаз оқуды абзал әрі сүннет деп білу, сондай-ақ бас киім киюді жексұрындық санау – күпірлік. (Фатху баб әл-ғиная, 1/447,
Фәтауаи Һиндия, 1/165, Им дад әлфаттах, 365)

Түйіндеп айтқанда, сәлде, тақия се кілді бас киіммен намаз оқу – әдеп, намазға құрмет саналады. Сон дықтан намазды барынша бас киім мен оқыған дұрыс.

 

Хасан АМАНҚҰЛ,

«Мұнара» газеті, №6, 2023 жыл 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: