Елімізде "Халал" атауы "Адал" деп өзгертілмек

Елімізде "Халал" атауы "Адал" деп өзгертілмек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Енді елімізде Халал атауы Адал деп өзгертілмек. Халықаралық Халал стандартының қазақстандық баламасын енгізуді Мұсылмандар діни басқармасының өкілдері ұсынып отыр, - деп хабарлайды 31 арна.

Ислам дінінде «рұқсат етілген» деген ұғымды беретін халал сөзін «Адал» деп өзгертуді Қазақстан Мұсылмандардың діни басқармасы осыдан бірнеше ай бұрын ойластырған. Әлі заңдастырылмаған бастамаға сай, сертификатқа қол жеткізу үшін зауыттарда бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс. Осының арқасында сатып алушылар тауарлардың қалай өндірілетінін онлайн-режимінде бақылай алады.

Жаңа талаптардың қыр-сырымен Қарағандының кәсіпкерлері де таныс. Халықаралық Халал стандартының қазақстандық баламасының енгізілуін алғашқы боп естіген ет комбинатының басшылығы әсіресе бизнестері үшін алаңдайды. Өйткені, Мұсылмандардың діни басқармасы атауын өзгерткенімен, қаражат жағын қарастырмайды екен. Сондықтан жаңа ереже бойынша сатып алынған құралдардың шығынын әр компания өзі көтеруі тиіс.

НҰРЛАН ДҮЙСЕНБАЕВ:

- Егер жаңа бастама заңдастырылса, жаңа өзгерістер пайда болады. Яғни біз шығындаламыз деген сөз.Біздің кәсіпорынның өнімдері халал стандартына сай келеді. Шұжық жасайтын құрылғыларымыз бен цехымыз бар. Мамандар халал өнімдердің шығарылуын таңертеннен кешке дейін қадағалайды.

Ал күнделікті халал өнімімен тұтынатын қарапайым халық өнімнің атауы емес, сапасы өзгермесе екен дейді.

Қалай болғанда да биылғы жылғы халал сертификаттардың мерзімі аяқталыпты. Қазақстанның мұсылмандар діни бас басқармасының өкілдері өнімдердегі халал сөзін адал деп өзгертуге бел буып отыр. Тіпті, ол үшін жаңа талаптармен шығарылған өнімдерді растауға арнайы зертхана құрылып, 250 имам тәжірибеден өтіп келген.

Baq.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: