Биылғы жылы Ресей жерінде исламдық банкингтің қағидаларына сай жұмыс істейтін тұңғыш қаржы институты ашылуы мүмкін, деп хабарлайды asylarna.kz.
Бұл жоба жаз маусымына жоспарланған. Негізгі серіктесі – инфрақұрылымдық қор.
Ресей аудандық банктер Ассоциациясының президенті Анатолий Аксаков жобаға Малайзияның банк өкілдері де қосылуға ниет білдіргендігін мәлімдеді. Жаңа банк Татарстанда құрылады.
Банк бөлімшелерінің көпшілігі шариғат қағидаларына сай жұмыс істейді деп хабарлануда.
hibatulla.kz