2009 жылы Голландияда ерекше қалашық пайда болған. Оны жергілікті тұрғындар Де Хогевейк деп атайды.
Ол жерде 23 үй 152 тұрғын өмір сүреді. Оның несі ерекше деп ойлаған боларсыздар? Өзгешелігі бар. Бұл қалашықта Альцгеймер мен ой өрісі дамымай қалған адамдар тұрады екен. Жергілікті билік оларды қарттар үйіне не ауруханаларда жатқызбау үшін арнайы аудан салып берген.
Арнайы мекеме қызметкерлерінің айтуынша, науқастардың дені өздерінің оқшауланған жерде тұратынын білмейді екен. Өткені айналадағының барлығы үйреншікті қаланың келбетіне сай етіліп салынған. Онда тұрғын үйлер, бірнеше дүкен, ресторан, саябақтар мен мәдениет орындары бар. Ал мекеме қызметкерлері олар үшін сол қалашықтың тұрғындары болып есептеледі. Есте сақтау қабілеті жойылған науқастар үшін тіпті күнде танысу процесі болып жатады. Ондайға арнайы мекемеде істейтіндер әбден үйренген. Нидерланды билігі Де Хогевейк қалашығын салу үшін 22 миллион АҚШ долларын жұмсаған.
hibatulla.kz